Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Аршалы кенті агротехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Государственное коммунальное казенное предприятие "Агротехнический колледж поселок Аршалы" при управлении образования Акмолинской области


Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік рәміздер

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні болып тойланады. Мемлекеттік рәміздер – кез келген мемлекеттің бірегейлігі мен егемендігін бейнелейтін ажырамас атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында мемлекеттік рәміздер – Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында күн сәулесі түсірілген, оның астында қалықтаған қыран бейнеленген көк түсті төртбұрышты тақта. Білігінде ұлттық ою-өрнекті тік жолақ бар. Күннің, оның сәулелерінің, қыран құстың бейнесі және ұлттық ою-өрнек – алтын түсті. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы шеңбер тәріздес және көгілдір фонда шаңырақтың бейнесі болып табылады, одан уықтар күн сәулесі түрінде жан-жақты нұрланып тұрады. Шаңырақтың оң және сол жағында мифтік қанатты пырақтардың бейнелері орналасқан. Жоғарғы бөлігінде көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыз, шаңырақ, уықтар, мифтік аттар бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» жазуы – алтын түсті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде белгілі болған Қазақстанның әнұраны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2006 жылы 6 қаңтарда ел Парламентінде бекітілген. Ол алғаш рет 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты түрде ұлықтау рәсімі кезінде тыңдалды. Музыкасы – композитор Шәмші Қалдаяқов, сөзі – Жұмекен Нәжімеденов және Нұрсұлтан Назарбаев.

Жаңартылған күні: 31.08.2016 17:37
Құрылған күні: 18.03.2022 09:54

Текст