Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Аршалы кенті агротехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Государственное коммунальное казенное предприятие "Агротехнический колледж поселок Аршалы" при управлении образования Акмолинской области


Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2021 жылға арналған есеп

28.02.2022

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша

2021 жылға арналған есеп

 

1. Жалпы ережелер

  1. Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: «Аршалы кенті Агротехникалық колледж» МКҚК. Заңды мекенжайы Ақмола облысы, Аршалы ауданы,Аршалы кенті, ПТЛ-14 көшесі, 1А құрылысы.

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

«Аршалы кенті Агротехникалық колледж» МКҚК 8 қызметті көрсетті;

2021 жылы колледж 163 мемлекеттік қызмет көрсету жұргізді;

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны – 9;

электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны - 147;

қағаз түрінде көрсетілген қызметтер саны – 7.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

2020 жылы 141 қызмет көрсетілді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны – 11;

электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны – 121;

қағаз түрінде көрсетілген қызметтер саны – 9.

 

3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Білім беру саласында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

  • Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау»;

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжатардың телнұсқасын беру»;

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқушыларға академиялық демалыс беру».

   2. Қызмет алушылармен жұмыс:

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

  Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған http://pt0001.arshaly.aqmoedu.kz/content/gosudarstvennye-uslugi «Аршалы кенті Агротехникалық колледжі» МКҚК-ның «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Сондай-ақ, ақпараттық стендтерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

  2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

  Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында жүзеге асырылады. Білім басқармасы мен ведомствоға бағынысты ұйымдар нормативтік құқықтық актілерді әзірлемеген.

  3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

2021 жылы «Аршалы кенті Агротехникалық колледж» МКҚК-ны БАҚ және әлеуметтік желілерде мақалалар жариялады, дөңгелек үстел өткізді. Ай сайынғы негізде БАҚ, қызмет көрсетушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізіледі.

  3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

  Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі орта, арнайы білім беру ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz. Жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.

Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 20 мемлекеттік қызмет қолжетімді.

ТжКБ саласында "College Smart Nation"ақпараттық жүйесінде 8 мемлекеттік қызмет автоматтандырылған.

Бұдан басқа, ТжКБ-дағы "College Smart Nation" ақпараттық жүйесі колледждердегі оқу процесін цифрлық форматта автоматтандыруға мүмкіндік берді: талапкерлерден құжаттарды қабылдау, оқуға қабылдау, оқудан шығару бұйрықтары; оқу жоспарлары, журналдар.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

  «Аршалы кенті Агротехникалық колледж» МКҚК-да 5 қызметкер мемлекеттік қызметтерді көрсетеді, олар қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген. 2021 жылы 4 қызметкер мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті

 

  4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

  2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

  2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

  Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бекітілген бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес 14 білім беру ұйымында бақылау іс-шаралары өткізілді. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.

  3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

  Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтерді бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

  5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оның сапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру

  Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2022 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.

  2022 жылы білім басқармасы және ведомстволық бағынысты ұйымдар жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 28.02.2022 17:36
Құрылған күні: 01.03.2022 09:36

Текст