Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Аршалы кенті агротехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Государственное коммунальное казенное предприятие "Агротехнический колледж поселок Аршалы" при управлении образования Акмолинской области


Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2023 жылға арналған есеп

29.02.2024

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша

2023 жылға арналған есеп

 

1. Жалпы ережелер

  1. Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: «Аршалы кенті Агротехникалық колледжі» МКҚК  Заңды мекенжайы: Ақмола облысы, Аршалы ауданы,Аршалы кенті, ПТЛ-14 көшесі, 1А құрылысы.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

«Аршалы кенті Агротехникалық колледжі» МКҚК 7 қызметті көрсетеді.

 

2023 жылы колледж 174 мемлекеттік қызмет көрсету жүргізді;

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны – 4;

электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны - 165;

қағаз түрінде көрсетілген қызметтер саны – 5.

 

      Электрондық  нысанда көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз («электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz  веб-порталын қоспағанда) қызмет саны - 9.

     Электрондық нысанда көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланысу және өтінішті ақпараттық жүйеге қолмен енгізу («электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz  веб-порталын қоспағанда) арқылы жүзеге асырылады қызмет саны– 156.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

 

2023 жылы колледж 145 қызмет көрсетілді.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны – 10;

электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 122;

қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 13.

 

 

      Электрондық  нысанда көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз («электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz  веб-порталын қоспағанда) қызмет саны - 1.

     Электрондық нысанда көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланысу және өтінішті ақпараттық жүйеге қолмен енгізу («электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz  веб-порталын қоспағанда) арқылы жүзеге асырылады қызмет саны– 121.

 

 

3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Білім беру саласында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

  • Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау»;

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжатардың телнұсқасын беру»;

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқушыларға академиялық демалыс беру».

   2. Қызмет алушылармен жұмыс:

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

  Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған  http://pt0001.arshaly.aqmoedu.kz/

«Аршалы кенті Агротехникалық колледжі» МКҚК-ның «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Сондай-ақ, ақпараттық стендтерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

  2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

  Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында жүзеге асырылады. Білім басқармасы мен ведомствоға бағынысты ұйымдар нормативтік құқықтық актілерді әзірлемеген.

  3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

2023 жылы «Аршалы кенті, Агротехникалық колледжі» МКҚК-ны БАҚ және әлеуметтік желілерде мақалалар жариялады, дөңгелек үстел өткізді. Ай сайынғы негізде БАҚ, қызмет көрсетушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізіледі.

  3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

  Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі орта, арнайы білім беру ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz. Жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.

Сондай-ақ, 2022 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 28 мемлекеттік қызмет қолжетімді.

ТжКБ саласында "College Smart Nation"ақпараттық жүйесінде 6 мемлекеттік қызмет автоматтандырылған.

Бұдан басқа, ТжКБ-дағы "College Smart Nation" ақпараттық жүйесі колледждердегі оқу процесін цифрлық форматта автоматтандыруға мүмкіндік берді: талапкерлерден құжаттарды қабылдау, оқуға қабылдау, оқудан шығару бұйрықтары; оқу жоспарлары, журналдар.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

  «Аршалы кенті, Агротехникалық колледжі» МКҚК-да 5 қызметкер мемлекеттік қызметтерді көрсетеді, олар қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген. Барлық қызметкерлер мемлекеттік қызмет көрсету бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен.

 

  4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

  2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.          Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

  Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бекітілген бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес білім беру ұйымында бақылау іс-шаралары өткізілді. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.

  Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

  Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтерді бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

  5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оның сапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру

  Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.

  2024 жылы білім басқармасы және ведомстволық бағынысты ұйымдар жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 29.02.2024 16:01
Құрылған күні: 29.02.2024 16:01

Текст