Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Аршалы кенті агротехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Государственное коммунальное казенное предприятие "Агротехнический колледж поселок Аршалы" при управлении образования Акмолинской области


Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қамқоршылық кеңесінің жұмысы туралы Ереже

23.12.2020

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және «Аршалы кенті, Агротехникалық колледжі» МКҚК  Қамқоршылық кеңесінің (бұдан әрі - Қамқоршылық кеңес) жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібін айқындайды.

2. Қамқоршылық кеңес «Аршалы кенті, АТК» МКҚК әкімшілігімен,ата-аналар комитетімен, жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де жеке немесе заңды тұлғалармен өзара әрекет жасайды.

      4. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өз өкілеттігін орындауы өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

2-тарау. Қамқоршылық кеңесті сайлау тәртібі және құрамы

      5. Қамқоршылық кеңестің құрамы тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органымен бекітіледі және Қамқоршылық кеңесіне мүшелікке кандидат тұлғалардың жазбаша түсініктемесі негізінде құрылады.  

      Ұсыныстарды қабылдау хабарландыру жарияланған күнінен кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

5.  Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді:

      1) жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;

      2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері;

      3) коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);

      4) ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель курстан «Аршалы кенті, АТК» МКҚК  білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі;

      5) қайырымдылық жасаушылар (бар болса)

«Аршалы кенті, АТК» МКҚК басшысы және оның орынбасарлары отырыстарда қатысады.

     Қамқоршылық кеңес құрамына "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдар кіргізілмейді.

      6. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны тақ, бір-бірімен және  «Аршалы кенті, АТК» МКҚК басшысымен ешқандай туыстық және жекжаттық қатынасы жоқ кемінде тоғыз адамнан құрылады. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды. Қамқоршылық кеңес мүшелері колледж қызметкерлерінің штатына кірмейді.

 7. Мемлекеттік органдардың өкілдері болып табылатын Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны үш адамнан аспайды.

      8. Қамқоршылық кеңестің отырысында ашық дауыс беру жолымен дауыстар басымдылығымен сайланатын (қайта сайланатын) оның төрағасы Қамқоршылық кеңестің басшысы болып табылады.

      Мемлекеттік органдардың өкілдері Қамқоршылық кеңестің төрағасы болып сайланбайды және оның міндеттерін жүзеге асырмайды.

      9. Қамқоршылық кеңестің төрағасы болмаған жағдайда Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша оның қызметін Қамқоршылық кеңес құрамына кіретін мемлекеттік органдардың өкілдерінен басқа Қамқоршылық кеңес мүшелерінің бірі жүзеге асырады.

      10. Төраға Қамқоршылық кеңестің атынан әрекет етеді және осы Қағидаларға сәйкес оның қызметін қамтамасыз етеді.

3 - тарау. Қамқоршылық кеңестің өкілеттігі

      12. «Аршалы кенті, Агротехникалық колледжі» МКҚК Қамқоршылық кеңесі:

      1) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуына, сонымен қатар . «Аршалы кенті, Агротехникалық колледжі» МКҚК шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;

      2) колледждің жарғысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;

      3) колледжді дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды әзірлейді;

      4) қайырымдылық көмек түрінде «Аршалы кенті, Агротехникалық колледжі» МКҚК түскен қаржыны бөлуге қатысады және оның мақсатты жұмсалуы туралы шешім қабылдайды;

5) «Аршалы кенті, Агротехникалық колледжі» МКҚК  бюджетін қалыптастыруда ұсыныстар әзірлейді;

  6) білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру барысында ұсыныстарды әзірлейді;

      7) тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органына Қамқоршылық кеңестің  колледж жұмысында анықтаған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;

      8)колледж басшысының білім беру ұйымының қызметі туралы, оның ішінде білім беру қызметін ұсыну сапасы, қайырымдылық көмектің жұмсалуы және  жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселесі жөнінде шараларды қабылдау туралы есебін тыңдайды;

      9) «Аршалы кенті, Агротехникалық колледжі» МКҚК  қызметінің мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады;

      10) «Аршалы кенті, Агротехникалық колледжі» МКҚК  қызметімен, білім беру ұйымындағы білім алушыларға және тәрбиеленушілерге жасалған жағдайлармен танысады, колледждің педагог- психологын қатыстыра отырып, олармен әңгімелеседі.

      «Аршалы кенті, Агротехникалық колледжі» МКҚК   (құрылымдық бөлімшесі) қызметкерлері Қамқоршылық кеңестің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттарды ұсынуға ықпал етеді.                              

4 - тарау. Қамқоршылық кеңес жұмысын ұйымдастыру тәртібі

      15. Қамқоршылық кеңестің отырысын оның төрағасы өз бастамашылығымен, Қамқоршылық кеңес мүшесінің жалпы санының үштен екісінің бастамасымен шақырады.

      16. Қамқоршылық кеңестің отырысын шақыру туралы хабарламаға Қамқоршылық кеңес төрағасының қолы қойылып, хабарлама отырыс өткізілетін күнге дейін жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей қажетті материалдармен бірге Қамқоршылық кеңестің мүшелеріне және Қамқоршылық кеңес қызмет ететін колледж ұйымына жолданады.

      Хабарламада отырыстың өткізілу күні, уақыты және орны жазылады.

      Хабарламаға баяндамашы көрсетілген отырыстың күн тәртібі, күн тәртібіне қосуға себептерді көздейтін анықтамалық материалдар, Қамқоршылық кеңестің мүшелеріне ұсынылатын отырысқа қажетті құжаттар қоса беріледі.

      17. Хабарламаны алған Қамқоршылық кеңестің мүшесі Қамқоршылық кеңестің отырысы өткізілетін күнге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей өзінің Қамқоршылық кеңестің отырысына қатысатындығын немесе қатыспайтындығын Қамқоршылық кеңес хатшысына хабарлайды.

      18. Қамқоршылық кеңестің төрағасы отырысты шақыру туралы ұсыныс түскен күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей Қамқоршылық кеңестің отырысын шақырады.

      19. Қамқоршылық кеңестің отырысы қажеттілігіне қарай, тоқсанына бір реттен сиретпей өткізіледі.

      20. Қамқоршылық кеңестің отырысы, егер қамқоршылық кеңестің барлық мүшелері отырыстың өткізілу уақыты мен орны туралы хабардар болса және оған мүшелерінің кемінде жалпы санының үштен екісі қатысса заңды болып табылады. Қамқоршылық кеңес мүшесінің өз дауысын Қамқоршылық кеңестің басқа мүшесіне немесе адамға сенімхат бойынша беруге жол берілмейді.

      21. «Аршалы кенті, Агротехникалық колледжі» МКҚК  Қамқоршылық кеңесінің әрбір мүшесі дауыс беру кезінде бір дауысқа оны беру құқығынсыз ие.

    22. Қамқоршылық кеңестің шешімі ашық дауыс беру арқылы оған қатысқан мүшелердің дауыстар басымдылығымен қабылданады. Дауыстар тепе-тең түскен жағдайда Қамқоршылық кеңестің төрағасы, ал ол болмаған жағдайда Қамқоршылық кеңес төрағасының міндеттерін атқаратын тұлға дауыс берген шешім қабылданады.

      23. Қамқоршылық кеңестің шешімі отырысқа қатысқан Қамқоршылық кеңестің барлық мүшесі қол қойылған хаттамамен ресімделеді.

  24. Хаттама Қамқоршылық кеңестің отырысы өткізілгеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органына жолданады.

      25. Тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органы өзінің интернет-ресурсында Қамқоршылық кеңестің қабылдаған шешімдері туралы ақпаратты орналастырады.

  26. Білім беру ұйымына қайырымдылық көмек ерікті түрде өтеусіз негізде көрсетіледі және осы Қағидаларда көзделген тәртіппен Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша жұмсалады.

  27. «Аршалы кенті, Агротехникалық колледжі» МКҚК қайырымдылық көмектен аударылатын кез келген түсімдері екінші деңгейлі банкте ашылған шотқа аударылады.

   28. Қайырымдылық көмектерден түсетін түсімдер келесі мақсаттарға жұмсалады:

      1) білім беру ұйымының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін әлеуметтік қолдау;

      2) беру ұйымының материалдық-техникалық базасын дамытуға;

      3) спортты дамытуға, дарынды балаларды қолдауға;

      4) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс білім беру процесін ұйымдастыруға шығыстарды жүзеге асыруға.

      29.  «Аршалы кенті, Агротехникалық колледжі» МКҚК жыл сайын қаржылық жылдың қорытындысы бойынша колледждің интернет-ресурсында, тиісті саланың уәкілетті органының немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органының өзінің интернет-ресурсында тиісті есепті орналастыру арқылы қайырымдылық көмек қаражатының пайдаланылуы және қозғалысы туралы жұртшылыққа ақпарат береді.

5 - тарау. Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату

      30. Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату:

      1) тиісті саланың уәкілетті органының немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органдардың бастамасы бойынша;

      2) колледжді таратуға және қайта ұйымдастыруға байланысты жүзеге асырылады.

      31. Қамқоршылық кеңестің мүшесі:

      1) өз бастамасы бойынша;

      2) отырыстарда себепсіз қатарынан үш рет болмауы себепті Қамқоршылық кеңестің құрамынан шығарылады.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 22.01.2021 09:18
Құрылған күні: 23.12.2020 11:43

Текст