«Мейрамханалық қызмет»
2021 жылғы 7-8 сәуірде Көкшетау қаласындағы «Құрылыс-техникалық колледжі» МКҚК базасында «Мейрамханалық қызмет» біліктілігі бойынша «WorldSkilss Kazakhstan» кәсіби шеберліктің өңірлік конкурсы болып өтті. «Аршалы кенті, Агротехникалық колледжі» МКҚК атынан «Тамақтануды ұйымдастыру» мамандығы бойынша 3 курс студенті Калашников Илья қатысты.
Конкурстық жарыс 5 модулден тұрды.
М1 – майлықтарды бүктеу
М2 – Ірімшік табақшасын әсемдеу
М3 – Жеміс табақшасы
М4 – Шарап декантациясы
М5 – Қиялдағы алкогольсіз сүтті коктейлді даярлау.
Өткізілген конкурс тапсырмаларының нәтижесі бойынша Илья 60,03 б жинады.
Жүлделі 3 орынды иеленді.
Жетекші шебер: Гренина Наталья Александровна.