WorldSkills Aqmola-2023 «Дизельдік қозғалтқышқа техникалық қызмет көрсету»
2024 жылғы 22 қантар айында «Аршалы кенті Агротехникалық колледжі» МКҚК-да Akmola – на WorldSkills 2024 «Дизельдік қозғалтқышқа техникалық қызмет көрсету» біліктілігі бойынша ішкі колледждік іріктеу сайысы өтті.
Ө/ш С.Е.Сергейчук жетекшілігімен 3 қатысушы, 01-АШМ-23 бірінші курс оқушылары қатысты.
Сайыс үш турдан құрылды:
- Дизельдік қозғалтқыш СМД-62 (Т-150);
- Дизельдік қозғалтқыш А-41 (ДТ-75);
- Саңылауларды реттеу.
Байқау қорытындысы бойынша: 1 орынды иеленген – Хиз Иван. 2 орынды иеленген – Коробкин Алексей . 3 орынды иеленген – Панов Алексей.