Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Аршалы кенті агротехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Агротехнический колледж поселок Аршалы" при управлении образования Акмолинской области
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ілияс Есенберлиннің 110 жылдығына арналған "Ұлттық рухтың шырағы" челленджі өткізілуде. 27.01.2025 жылы " Аршалы кенті, Агротехникалық колледжі" МКҚК студенттері орталық аудандық кітапханаға барды. Кітапхана қызметкерлері "ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИН – ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ДАҢҚТЫ ҰЛЫ" атты дөңгелек үстел ұйымдастырып, балаларға автордың өмірбаяны, қызықты фактілері мен шығармалары туралы айтып берді. "Көшпенділер" тарихи трилогиясына ерекше назар аударылды, оған "Алмас қылыш", "Қаһар", "Хан Кене" кірді. Шежіре романы Қазақстан аумағында болған XV—XIX ғасырлардағы тарихи оқиғаларды қамтиды. Автордың шығармалары кітапханада қазақ және орыс тілдерінде ұсынылды.