«Таза Қазақстан» экологиялық акциясын және «Есірткіге ЖОҚ дейміз!» профилактикалық акциясын өткізу
08.09.2026
Білім алушыларға арналған 1–2 курс студенттері арасында «Отбасы – біздің ортақ үйіміз» атты қызықты туристік жорық ұйымдастырылып, жастарды достық, өзара көмек және командалық рух идеялары төңірегіне біріктірді.Қатысушылар белгіленген бағыт бойынша жүріп өтіп, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына және «Есірткіге ЖОҚ дейміз!» профилактикалық акциясына қатысты. Ал демалыс кезінде оларды пикник пен түрлі командалық ойындар күтті.Жастар спорттық сайыстарда, эстафеталарда, волейбол ойынында, арқан тартуда және басқа да белсенділіктерде ептілік, тапқырлық пен ұйымшылдықтарын көрсетті.
Просмотров: 125