«Тыйым салынған заттарды ерікті түрде тапсыр — қауіпсіз болашаққа қадам жаса»

15.09.2026

2026 жылғы 15 қыркүйекте ГККП
«Аршалы кенті, агротехникалық колледжінде» студенттер арасында «Тыйым салынған
заттарды ерікті түрде тапсыр — қауіпсіз болашаққа қадам жаса» тақырыбында тыйым
салынған заттарды қолдану мен таратудың алдын алуға бағытталған бейнероликтер
көрсетілді.
Көрсету барысында студенттерге
есірткі құралдарын қолданудың салдары, салауатты өмір салтын ұстанудың
маңыздылығы және өз денсаулығы мен болашағына жауапкершілікпен қарау
қажеттілігі түсіндірілді. Құқық бұзушылықтардың алдын алуға, есірткіге теріс
көзқарас қалыптастыруға және қауіпсіз өмірді таңдауға ерекше назар аударылды.
Іс-шара студенттердің хабардарлығын
арттыруға және жастардың тыйым салынған заттардың заңсыз айналымына тартылуының
алдын алуға бағытталды.

Просмотров: 43


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу