«Ұлттық ойындар – ұлт қазынасы»
18.09.2026
18 қыркүйек күні Аршалы кентінің Агротехникалық колледжінде «Ұлттық ойындар – ұлт қазынасы»атты спорттық іс-шара өткізілді. Іс-шараға 1–2 курс студенттері қатысты.
Қатысушылар ұлттық спорт түрлері — тоғызқұмалақ және асық атудан бақ сынасып, ептілік, дәлдік, стратегиялық ойлау қабілеттері мен спорттық рухтарын көрсетті.
Мұндай іс-шаралар студенттердің ұлттық салт-дәстүрлерге деген қызығушылығын арттырып, мәдени мұрамызды дәріптеуге және салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді.
Барлық қатысушыларға белсенділіктері, көтеріңкі көңіл-күйлері мен жарысқа деген ынталары үшін алғысымызды білдіреміз!
Просмотров: 294