Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Аршалы кенті агротехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Агротехнический колледж поселок Аршалы" при управлении образования Акмолинской области
Оқытушы Овчарова А.Н. 2017 жылдың төртінші сәуірінде «Ақылды ұлдар мен қыздар» атты интелектуалды физикалық шоу өткізді. Бұл іс-шараның қатысушылары бірінші курстағы үш топтың студенттері. Байқау үш кезеңнен тұрды: іріктеу кезеңі, жолды таңдау және ақылдылар сайысы. Бірінші кезеңде 48 оқушы
қатысты. 3 сұрақ қойылды. Әрбір дұрыс жауап орденмен бағаланып отырды. Жиналған орден
саны бойынша, ойынды әрі қарай жалғастыру үшін үш қатысушы анықталды. Олар: Павлов Ян (01А-ТҰ-16) , Байбулатова Оксана (01Б-ТҰ-16) және Сафронов Илья (01-ДІ-16). Екінші кезеңде қатысушылар қызыл, сары және жасыл жолдың біреуін таңдау керек болды. Бұл үшін мәтін оқылды, олардың ішінен
ең бірінші болып не туралы айтылғанын тапқан қатысушы сөзді айтады. Содан соң қатысушылар тиісті тапсырмалар алды. Қатысушылар жауаптарын даярлап жатқанда, көрермендермен ойын ойнатылды. Үшінші кезең – ең маңызды кезең. Осы кезеңде жеңімпаз да анықталды: Сафронов Илья (01-ДІ-16). Шоуда колледждің
оқытушылары мен шеберлері қатысты.
Овчарова А.Н.