Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Аршалы кенті агротехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Государственное коммунальное казенное предприятие "Агротехнический колледж поселок Аршалы" при управлении образования Акмолинской области


Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Инклюзивті білім беру бойынша семинар- тренинг

29.03.2019

28.03.2019 жылы  колледж  әдіскері  Смагло Т. В. колледж педагогтары үшін  инклюзивті білім беру бойынша семинар - тренинг өткізді.

 

Аталған семинардың мақсаты:

-  инклюзивті білім берудің принциптерін үйрену.

- инклюзивті білім берудегі мәселелерді белгілеу.

- Кәдімгі топтарда ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларды оқыту бойынша оқытушылар мен шеберлердің көзқарасын анықтау.

- колледж оқытушыларының ерекше қамқорлықты қажет ететін  балаларды оқыту бойынша даярлығын анықтау.

Бүгінгі таңда инклюзивті білім беру тақырыбы өте өзекті, өйткені бұл педагогтарға балаларды оқыту мен тәрбиелеуде олардың жеке ерекшеліктеріне, оқу жетістіктеріне, ана тіліне, мәдениетіне, психикалық және физикалық мүмкіндіктеріне тәуелсіз  инновациалық процесс болып табылады. 

Семинарда Қазақстандағы инклюзивті білім берудің жай-күйі туралы, инклюзивті білім беруді ТжКБ ұйымдарына енгізу туралы мәселелер қаралды. Педагогтар аталған тақырып бойынша белсенді түрде өз ой-пікірлерімен бөлісті, өз ұсыныстарын айтты. Семинарда бейнероликті көру ұйымдастырылды, сондай-ақ педагогтар мен шеберлерден «Біз инклюзивті білім беруді енгізуге дайынбыз ба» атты сауалнама алынды. Аталған   семинар  ерекше  балалармен   жұмыс істеудегі  бірінші  баспалдақ болып табылады

Просмотров: 310


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст