Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Аршалы кенті агротехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Государственное коммунальное казенное предприятие "Агротехнический колледж поселок Аршалы" при управлении образования Акмолинской области


Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Байрағын ұлттың басына байлаған"

18.05.2022

18 мамыр күні Аршалы кентінің Жастар орталығының ғимаратында Мемлекет басшысының референдум өткізу туралы үндеуін қолдау мақсатында аудандық еңбек ардагерлерінің "Байрағын ұлттың басына байлаған" тақырыбында жастармен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Аршалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы В.М. Бижиев пен "Аршалы ауданының жастар ресурстық орталығы" КММ директоры Л.С.Бижиева сөз сөйлеп, 2022 жылдың 5 маусымына тағайындалған жалпыхалықтық референдумның тарихи маңыздылығын, негізгі заңымызға енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды жиынға қатысушыларға түсіндірді.
Аталмыш шараға еңбек ардагерлері, Агротехникалық колледжінің студенттері, сондай-ақ Аршалы ауданы бойынша референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі штаб өкілдігінің мүшелері қатысты.
Кездесу барысында жастар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, оларға тиісті түсініктемелер мен жауаптар берілді.

Просмотров: 150


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст