26.09.2019
26.09.2019 жылы «№4 АТК» КММ жатақханада тұратын студенттермен «Келіңіз танысайық» атты тренинг болып өтті. Тренинг барысында «Ғажайып шляпа» сәлемдесу жаттығуын жасау ұсынылды. Бұл жаттығудың мағынасы оң жағыңда тұратын көршіңе мақтау сөз айту. Тағы да «Зообақ» және «Суретті салып бітіріп, әрі қарай бер» жаттығулары болды. Бұл жаттығулардың мағынасы топ болып жұмыс жасауға үйрету, бірге жұмыс істеуге дағдыландыру.
Соңғы Шын көңілден сыйлық» жаттығуында балалардың әрқайсысы топқа өзінің кішкентай да болса мейірімін сыйлады.
Тренингтің ұйымдастырушысы педагог-психолог: Тимофеева К.А.