Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Аршалы кенті агротехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Государственное коммунальное казенное предприятие "Агротехнический колледж поселок Аршалы" при управлении образования Акмолинской области


Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ҚР МКҚ насихат жұмыстары

21.10.2019 2019 жылдың 18 қазанында «№4 АТК» КММ АӘД оқытушы-ұйымдастырушысы Ауесхан А.Б., ұйымдастырумен еліміздің элиталық әскер құрамында Президенттік «Айбын» және «Батыр» полктарында қызмет етуге шақырған насихат жұмыстары жүргізілді. Аталған насихат жұмыстары колледждің бітіруші топтары арасында , 3 курстың ер балалары арасында өтті. Бұл насихат жұмысының мақсаты жастарды Отанды қорғауға қызықтыру. МКҚ (мемлекеттік күзет қызметі) туралы таныстырылым бейнебаяны көрсетілді. Сондай-ақ АӘД оқытушысы МКҚ қызмет еткен, қазіргі таңда «Айбын» полкында келісім-шарт бойынша қызмет етуші кіші сержант Джамбулов Саянды қонаққа шақырды. Таныстырылым бейнебаянынан соң Саян өзінің жеке қызмет тәжірибесінен айтып берді,сондай-ақ студенттерге ҚР МКҚ қызмет етудің барлық жақсы жақтарын атап көрсетті. Жастар ҚР МКҚ қалай таңдап алу туралы өздерін қызықтырған сұрақтарды қойды. Сұрақтарға Саян нақты жауаптар берді.
Просмотров: 448


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст