Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Аршалы кенті агротехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Государственное коммунальное казенное предприятие "Агротехнический колледж поселок Аршалы" при управлении образования Акмолинской области


Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Күзгі бал

01.11.2019 31.10.2019 жылы «№ 4 АТК» КММ «Күзгі бал» болып өтті. Аталған іс-шараның ұйымдастырушылары 01- ТҰ- 19 тобы. Күзгі бал конкурс түрінде өтті. Бірінші үй тапсырмасы әр түрлі тақырыпта билеу болды. Екінші тапсырма көкөністер мен жемістерден әртүрлі бұйымдар көрмесін жасау. Үшінші тапсырма костюмді ұсыну және оны қорғау. Барлық командалардың қатысуы жоғары деңгейде өтті, студенттер тек қана өздерінің шығармашылық қабілеттері мен фантазияларын көрсетіп қана қойған жоқ, сондай-ақ өздерінің хореографиялық қабілеттерін де көрсете білді. Барлық шығарылымдар вокальдық нөмірлермен сүйемелденіп тұрды. Әділ қазылар алқасы қорытынды шығарғанда біраз қиналды, өйткені барлық топтар тапсырмаларға жауапкершілікпен қарап, өте жақсы дайындалған, дегенмен де, кез келген байқаудағыдай орындар бөліп берілді. Сонымен 1 орынды 02- ФШ- 18 тобы иемденді, 03-ТҰ- 17 тобы екінші орынды иемденді, 03- ДІ-17 тобы құрметті 3 орынды иемденді.
Просмотров: 305


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст