06.12.2019
2019 жылғы 1 желтоқсанда біздің елімізде Қазақстан Республикасының алғышқы Президенті Күні тойланады. Осы мейрамның алдында 29.11.2019 жылы «№4 АТК» КММ студенттері үшін Жалпы республикалық «Заманауи Қазақстан. Елбасының Көшбасшылық Сабақтары» тақырыбындағы ашық сынып сағаты болып өтті. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – ұлтық бірлік пен этника аралық төзімділіктің қазақстандық моделінің авторы. Онда «Бірлік – көпсалалылық арқылы» қағидасы ұстанылады. Аталған іс-шараның мақсаты қазақ патриотизмін, ұлттық сана-сезімді қалыптастыру, тәуелсіз мемлекет -Қазақстан Республикасының дамуы мен қарыштауындағы Ұлт Көшбасшысының маңыздылығын түсіндіру. Ашық сынып сағатында студенттердің алдында Алғашқы Президент – Елбасының стратегиялық нәрселерді анық көруі, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаяны мен өмірі, сондай-ақ тәуелсіз мемлекеттің негізгі және шешуші кезеңдегі қалыптасуы. Ашық сынып сағатының соңында студенттерге ойын ұсынылды. Бұл ойында олар өздерінің Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті туралы керемет білімдерін көрсетті. Сондай-ақ бейнефильм көрді.