30.11.2022
«Агротехникалық колледжі, Аршалы кенті» МКҚК-да «1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні» атты сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның мақсаты – студенттерді ЖИТС-тің алдын алу мәселелеріне саналы түрде қарауға, олардың дұрыс өмірлік көзқарастарын қалыптастыру.
Балаларға бейнеролик көрсетілді, студенттерге АИТВ/ЖИТС инфекциясының берілу және пайда болуы туралы ақпарат берілді, шағын топтардағы балалар "Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне" арналған кластерлердің суретін салды, «Тікелей диаграмма» жаттығуы мен «Тәуекел дәрежесі» ойынын өткізді.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: медицина қызметкері – Тимофеев В.О., педагог- психолог – Тимофеева К.А., әлеуметтік педагог – Соколенко И.В.
Іс-шараға студенттер белсенді қатысты.