19.09.2023
19 қыркүйекте «Агротехникалық колледжі, Аршалы кенті» МКҚК-да Аршалы аудандық «АМАNАТ» партиясы филиалының төрайымы Ахимова Г.О. студенттер мен педагогикалық ұжымға Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын түсіндіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жайында кездесу өткізді.
Сондай-ақ, Аршалы ауданы ЖРО-ның өкілдері, ЖРО директоры Алтынбай Ш.Е. «Аршалы өңірінде мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы» сауалымен және ЖРО теологы Д. Нұрмағанбетұлы «Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында сөз сөйледі.