Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Аршалы кенті агротехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Агротехнический колледж поселок Аршалы" при управлении образования Акмолинской области
Ақмола облысы «Аршалы кенті, Агротехникалық колледжі» МКҚК 9 сынып базасында 2 жыл 10 ай, 11 сынып базасында 10 ай оқу мерзімімен талапкерлер қабылдайтынын хабарлайды. Колледжде оқу «2020-2021 оқу жылына Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша және мемлекеттік тапсырыс бойынша өтеді.
1.Фермер шаруашылығы
Біліктіліктер:
-ауылшаруашылығы өндірісінің тракторшы-машинисті
- В, С1 санатты автокөлік жүргізушісі
-темір ұстасы-жөндеуші
2.Дәнекерлеу ісі
Біліктіліктер:
-дәнекерлеуші (барлық түрі)
3.Тамақтануды ұйымдастыру
Біліктіліктер:
-аспаз
-кондитер
-даяшы
4. Тамақтануды ұйымдастыру
Біліктіліктер:
-бармен
-метрдотель
Сондай-ақ 11 сынып базасында талапкерлер қабылдаймыз (оқу мерзімі 10 ай)
5. Ішкі санитарлық-техникалық құрылғыларды, желдеткіштер мен инженерлік жүйелерді (түрлері бойынша) жөндеу және пайдалану
Біліктіліктер:
- темір ұстасы – сантехник
6. Ғимараттар мен құрылғыларды салу және пайдалану
Біліктіліктер:
- тас қалаушы.
Оқу орнының әлеуметтік серіктестері: «Поиск» ЖШС, «Питковский» ШҚ, «Дорожник» ЖШС, «Марченко» ЖК, «Кулатаева» ЖК және басқалар.
Оқу екі білім беру бағдарламасы бойынша өткізіледі:
Дуалді оқыту бағдарламасы. Аталған бағдарлама бойынша теориялық оқыту колледж базасында, ал практика жұмыс орнында өтіледі. Кәсіпорындар білім беру ұйымдарына қажетті мамандардың нақты санын көрсетіп тапсырыс жасайды, жұмыс берушілер оқу бағдарламасының жасалуына қатысады. Студенттер оқудан қол үзбестен, кәсіпорында практикадан өтеді.
Модулді – дуалді оқыту жүйесі. Модулді – дуалді бағдарламаның мақсаты жеке адамдардың істеген нәтижесіне бағытталған оқу процессін ұйымдастыру және жүзеге асыру, оқушылардың даярлық сапасы мен тиімділігін көтеру, сондай-ақ әмбебап-кәсіби біліктіліктерін қалыптастыру болып табылады. Оқушы модуль бойынша жұмыс барысында оны өз бетімен игеріп, алдына қойған мақсатына жетуі керек. Оқу модулдары оқушыларға ақпаратты жеткізуде алдына қойған педагогикалық мақсаттарға айқын жету үшін, толық көлемде құрылған болуы керек. Барлық оқу кезеңі үшін 3 біліктілік беріліеді. (Әр жыл сайын 1 біліктіліктен).
Колледж типтік кешенде орналасқан, онда 400 оқу орны, 17 оқу кабинеттері, 5 зертхана, 1 шеберхана, асхана, салтанат залы, спор залы, жатақхана, кітапхана, медициналық бөлімше бар. Сондай-ақ дәнді дақылдар мен көкөністерді егу мен жинау кезіндегі күзгі-көктемгі дала жұмыстары мен зертханалық-практикалық жұмыстар мен өндірістік оқытуды өткізу үшін пайдаланылатын жерлері бар.
Біздің студенттер облыстық, аудандық іс-шараларда белсенді қатысады, сондай-ақ жүлделі орындар иеленеді.
Басқа аймақтан келген талапкерлер жатақханамен, тамақпен қамтамасыз етіледі. Студенттер ай сайын – 21787 теңге шәкіртақы, жол жүру жеңілдігі бойынша жылына 2 рет 5302 теңге көлемінде ақша алады. Құжаттарды қабылдау 2020 жылғы 20 маусымнан 20 тамызға дейін.