WorldSkills 2023 «Дизельдік қозғалтқышқа техникалық қызмет көрсету»

2023 жылғы 02 ақпан айында «Аршалы кенті Агротехникалық колледжі» МКҚК-да Akmola – на WorldSkills 2023 «Дизельдік қозғалтқышқа техникалық қызмет көрсету» біліктілігі бойынша ішкі колледждік іріктеу сайысы өтті.

Ө/ш С.Е.Сергейчук жетекшілігімен 3 қатысушы, 03-ҚШ-20 үшінші курс оқушылары  қатысты.

Сайыс үш турдан құрылды:

  1. Дизельдік қозғалтқыш СМД-62 (Т-150);
  2. Дизельдік қозғалтқыш А-41 (ДТ-75);
  3. Саңылауларды реттеу.

Байқау қорытындысы бойынша: 1 орынды иеленген – Крылов Алексей. 2 орынды иеленген – Федотов Тимур. 3 орынды иеленген –  Матюшко Данил.